Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) дегеніміз не?

Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) – адам ағзасынан тыс ұрықтандыру, бедеулікті емдеуде тек медициналық көрсеткіштер болған жағдайда қолданылады. Негізінде ДТҰ әйелдің жатыр түтікшелері жоқ немесе түтікшелердің өткізгіш қабілеті төмен болған жағдайда қолданылады.

ДТҰ әдісі өте күрделі және бірнеше сатылы процесс болып табылады. ДТҰ бағдарламасы өткізілетін цикл ішінде әйел жағдайын бірнеше рет бақылау мен әр түрлі дері-дәрмектерді тағайындау кажет болады.

ДТҰ әдісі төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1. Бедеуліктің түрін және себептерін анықтау.
2. Көптеген фолликулдардың өсіп, жетілуі үшін, гормоналдық препараттар тағайындау.
3. Тағайындалған дәрі-дәрмектерге аналық бездердің жауабын бірқатар ультрадыбыстық зерттеулердің көмегімен бақылап, бағалау.
4. Фолликулдардың пункциясы болатын кезді анықтау.
5. Фолликулдардың пункциясы, оның құрамын аспирациялау, одан аналық ұрықтарды бөліп алып, арнайы коректік ортаға салу.
6. Аталық ұрықты алу жене дайындау.
7. Аталық және аналық ұрықтарды «құтыға» салып біріктіріп (ұрықтардың инсеминациясы) және оларды инкубаторға 48-72 сағатқа салып қою.
8. 2-5-шi тәулікте анасының жатыр қуысына эмбриондарды тасымалдау.
9. Эмбриондардың дамуына және жатырға бекітілуіне көмектесетін дәрі- дәрмектерді тағайындау.
10.Жүктілікті анықтау.
11.Жүктілікті әйелдер кеңесімен бірігіп жүргізу.

ДТҰ-ның сәтті болуы көптеген жағдайларға байланысты: емделушілердің жасына, бедеуліктің ұзақтығына, тағайындалған дәрі-дәрмектерге аналық бездердің жауабына - неғұрлым аналық ұрық көп алынса, жүктіліктің болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары; аналық ұрық пен шәуһеттің сапасына, дәрігер тағайындауларын уақытылы орындау және көптеген басқа да жағдайларға, сонымен қатар ерлі -зайыптылардың психологиялық дайындығына да байланысты болады.

ДТҰ әдісімен емделіп жүрген емделушілерден үлкен шыдамдылық, тәртіп және дәрігердің барлық тағайындауларын мүлтіксіз және уақытында орындау талап етіледі.

ДТҰ әдісімен емделгенде оперативтік килігуді қажет ететін әр түрлі асқынулардың болуы мүмкін. Мысалы: көп ұрықты жүктілік, жатырдан тыс(түтікшелік, аналық бездік, кұрсақ ішілік) және жатыр мойындық жүктілік, мұндай жағдайлар табиғи жолмен болған жүктілік кезінде де болуы мүмкін.

Аналық бездердің гиперстимуляциясы (гормоналдық дәрі-дәрмектерге аналық бездердің өте күшті жауап қайтаруы) болуы мүмкін, бұл кезде қажетті ем қолданылады және ем аурухана жағдайында жүргізілуі де мүмкін. Сирек жағдайларда аналық бездің, аналық без сулы iciгінің(киста) жарылып кетуі, жақын жатқан мүшелер мен қан тамырлардың жарақаттануы мүмкін, мұндай жағдайда жедел түрде хирургиялық көмек көрсету керек болады.

Көбінесе ерлі-зайыптыларды ДТҰ әдісімен дүниеге келген балалардың денсаулығы мен өciп жетілулері мазалайды. Әлемде осы әдіспен туылған балалардың саны eкi миллионнан асып кетті. ДТҰ әдісімен туылған балалар мен табиғи жолмен туылған балалардың арасындағы туа біткен кемтарлық жиілігі бірдей деңгейде.

Бүгінгі күнде ДТҰ әдісінің тиімділігі бip етеккір циклында орта есеппен 15% тен 40% -ға дейін. Бұл сан әйелдің жасына, бедеуліктің түpi мен себебіне, аналық бездердің жүмыс icтey қабілетіне байланысты.

Егер қалыпты жағдайда 20 жастағы дені сау ерлі -зайыптыларда бір циклда жүкті болу мүмкіндігі – 15-20%, 30 жаста – 10%, ал 40 жаста – 5 %-ға төмендейтінін еске алатын болсақ, ДТҰ әдісінің көрсеткіштері біршама жоғары екенін байқауға болады.




© 2012Ecomed. Барлық заңдар қорғалған.