Жиі қойылатын сұрақтар

Бедеулік туралы қашан айтуға болады?
Егер еркек пен әйелдің арасында жүктіліктен сақтанбай бір жылдың ішінде жыныстық қатынасты үзбей, жүктілік болмаса, оны бедеулік деп танып, жұбайлардың зерттеле бастағаны жөн.

Бедеуліктің себептері неде?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің классификациясы бойынша еркектердің 16 және әйелдердің 22 түрлі себебін тапты. Егер еркектің шәуһетінің ұрықтандыру қабілеті төмен болып, өзгерістері яғни, бұзылыстары болса ол еркектік фактор болып табылады. Егер бедеуліктің себебі әйел баласына қатысты аурулары арқылы болса онда әйел бедеулігі деп саналады (30 пайызға дейін). Ол гормоналдық жетіспеушілік болуы мүмкін, жатыр түтікшілерінің жоқтығы немесе олардың өткізу қабілетінің бұзылуы, т.б. себептер. Ерлі-зайыптылардың 3 пайызында репродуктивті жүйесінің дұрыс көрсеткіштерімен қатар бедеулік иммунологиялық сыйыспаушылықтан болуы мүмкін. Ол әйел организмінде еркек шәуһетіне қарсы денелер пайда болып, олар еркек шәуһетінің белсендігіне қарсы әсер көрсетеді.
Және де бедеулік денсаулығы жақсы, бір бірімен сәйкес келетін ерлі-зайыптылардың арасында да болады. Оны идиопатиялық, немесе түсіндіруге жатпайтын бедеулік дейді.

Бедеуліктің себептерін анықтау үшін қанша уақыт кетеді?
Ерлі-зайыптыларды бедеулікке тексеру мерзімі 6 айдан аспау керек.

Бедеуліктің себебін толық анықтауға болады ма?
Өкінішке қарай медицинаның тез дамуына қарамастан бедеуліктің себебін барлық жағдайда анықтау мүмкін емес. Кейбір жағдайда анықтау мақсатымен емдеу шаралары басталып, кейіннен тағы да қосымша себептері анықталып жатады.

Жүктілік болу үшін қандай шарттар қажет?
1.Аналық бездерде фолликулдың өсуі, оның жарылып одан аналық ұрықтың шығуы (овуляция), сары дененің пайда болып, оның дұрыс жұмыс істеуі.
2.Жатыр түтікшелеріне аналық ұрықтың және эмбрионның түсуі және одан кедергісіз жатыр қуысына жылжуы.
3.Сперматозоидтардың жатыр түтікшілеріне өтуі және олардың аналық ұрықты ұрықтандыру мүмкіншіліктері.
4.Жатырдың эмбрионды қабылдау дайындығы (имплантация).
Жүктіліктің болуына қандай кепілдік бар?
Қалыпты жағдайда адамдарда жүктілік процессі төмен. Дені сау ерлі-зайыптыларда жыныстық қатынастың үзіліссіз ретті болған жағдайда, 20 жастағы әйелдің бір етеккір циклында бала көтеру мүмкіндігі – 15-20%, 30 жаста – 10%, ал 40 жаста – 5%. Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) және эмбрионды жатырға қондыру әдістерінде аналық бездерді ынталандыру арқасында бұл көрсеткіш екі есе көбейеді. Бірақ 100 пайыз кепілдікті бірде-бір ДТҰ орталығы бере алмайды.
Гормоналдық зерттеулер не үшін жасалынады?
Бедеуліктің себебін білу үшін дәрігер аналық және тағы басқа репродуктивті жүйеге әсер ететін эндокринді бездердің жұмысын анықтау керек, сондықтан қандағы гормондардың құрамын тексереді. Қалыпты келетін етеккірде бұл зерттеулер 3-7 және 20-24 күндерде жасалыну керек.

Жыныстық қатынаспен таралатын індетке зерттелу қажет па?
Бедеуліктің себебінің бірі қабыну процесстері болғандықтан (40-50 пайызға дейін баруы мүмкін), жыныстық қатынаспен таралатын індетке барлық пациенттер зерттелуі қажет. Егер ерлі-зайыптылардың бірінен індет табылса, бұл жағдайда міндетті түрде екеуі де емделеді. Содан кейін емнің нәтижесін білу үшін тағы бір рет зерттелуі қажет.

Жатыр түтікшелерін зерттеу қажет па?
Жатыр түтікшелерінде аналық ұрық пен (яйцеклетка) аталық ұрықтың (сперматозоид) кездесуі өтеді. Ұрықтанған аналық клетка жаңа өмірдің басын береді (эмбрион). Ол жатыр түтікшесімен жатырдың қуысына түседі. Кіші жамбас қуысы мүшелерінің қабыну процестерінен кейін жатыр түтікшелерінің ішінде және сыртында жабысулар (спайки) болуы мүмкін. Олар жатыр түтікшелерінің іріңдеу, кұрылысының бұзылуына әкеліп соғады. Бұл жағдайда жатыр түтікшелерінің өткізгіш қабілеті бұзылады. Бұл бедеуліктің түрі түтікше себебі немесе түтікше-перитонеалдық себеп деп аталады және бұл жағдай бедеулікпен зардап шеккендердің арасында 70 пайызға дейін кездеседі. Сондықтан жатыр түтікшелерінің өткізу қабілетін зерттеуден барлық әйел пациенттер өту қажет.

Гистеросальпингография дегеніміз не (ГСГ)?
Бұл жатыр қуысын және оның түтікшілерінің өткізу қабілетін анықтайтын әдеттегі әдіс. Рентген суреттерін жасау үшін жатыр қуысын және түтікшелерді контрасттық сұйықтықпен толтырады. Егер осы сұйықтық іш қуысына шықса, ол жатыр түтікшелерінің өткізу қабілеті сақталғандығының белгісі.

Лапароскопия дегеніміз не?
Лапароскопия деген қарынға микрокескілермен кіріп оптикалық инструменттермен жасайтын операцияны айтады. Бұл операция кезінде гистеросальпингография әдісімен іштегі анықталмайтын айқындарды көруге болады.

ГСГ мен лапароскопияны қашан жасайды?
Бұл қойылған мақсатқа байланысты. Әдетте бұл әдістерді етеккірдің 2-ші жартысында жасайды, сондықтан осы операцияларды жоспарлаған айда жүктіліктен сақтану қажет. Кейбір жағдайларда көптен күткен жүктілік дәл осы етеккір циклында болып, ал жасалған рентген әсерінен жүктілікті үзүге тура келеді.

ГСГ мен лапароскопия кезінде арнайы ауырсыздандыру әдістері қолданылады ма?
Бұл операциялардың алдында пациент әйел жасырын түрде өтетін індеттерге, т.б. арнайы зерттеулерден өтеді. Оның мақсаты, кейін ГСГ мен лапароскопиядан кейін қабыну процесстерінің қозуы болмас үшін жасалынады. ГСГ амбулаторлық түрде өтеді және бұл кезде ауырсыздандыру қажет емес, ал лапароскопияға наркоз қажет болғандықтан көбірек зерттеулер керек.

Гистероскопия дегеніміз не?
Гистероскопия дегеніміз қазіргі кездегі оптикалық инструменттерді пайдалана отырып, жатыр қуысы шырыштысының жағдайын ең нақты анықтайтын әдіс. Бұл әдіспен тек жатыр қуысы шырыштысының жағдайын ғана емес осы қуыстың ішіндегі ақауларды да анықтауға болады, мысалы, миомалық түйіншіктер, жабысу процестері (синехиялар), т.б. Ол кездерде анықталған ақауларды гистероскоп арқылы жөндейді. Етеккір өткеннен кейін жатыр қуысы анықтау көрінеді деп гистероскопия етеккірдің 7-9 күндерінде жасалынады. Гистероскопия тамырдан жіберетін наркозбен жасалынады.

Еркектің зерттелуі неде?
Еркектің зерттелуі оның шәуһетінің зерттелуінен басталады (спермограмма): шәуһеттің көлемі, сперматозоидтардың жалпы саны, оның ішінде белсенділері және дұрыс түрлерінің пайызы, қанның ақ түйіншектерінің саны анықталады.

Шәуһетті тапсыру үшін қандай дайындық қажет?
Сперматозоидтардың өсуіне ішкі және сыртқы жағымсыз факторлардың кері әсері тиеді (ішімдік, темекі, кәсіби жағымсыздықтар, стрестер, шаршамдық, жедел және созылмалы түрде өтетін жалпы аурулар). Сперматозоидтардың қайталап жаңаруы 3 айдың ішінде болуын ұмытпау қажет. Сондықтан неғурлым көп ұақыт сізде өмір сүру әдісіңіз дұрыс болса, соғұрлым анализ нәтижесі дұрысырақ болады. Шәуһетті тапсырар алдындағы міндетті түрдегі шарт ол үш күн жыныстық қатынаста болмау (7 күннен ұзақ болмау керек). 3 күннен кейінгі шәуһет құрамы ең жақсы болып табылады.

ДТҰ дегеніміз не?
ДТҰ (денеден тыс ұрықтандыру) – ол аналық ұрықты денеден тыс «құтыда» ұрықтандырады. ДТҰ бүгінгі күнде бедеулікті емдеудегі ең тиімді және нәтижелі әдіс болып саналады. Бұл әдіс жатыр түтікшелерінің өткізу қабілетінің бұзылуында, еркектердің бедеулігінде, эндометриоз жағдайларында, аналық бездердің дұрыс жұмыс атқара алмағандықтан, бедеуліктің себебі табылмаған кездерде және басқа емдердің нәтижесі болмаған кезде жасалынады.

ДТҰ қандай кезеңдерден құрылады?
ДТҰ әдісінің негізгі кезеңдері: аналық бездерді гормоналдық дәрілермен күштілеп ынталандыру; фолликулдардың пункциясы және аналық ұрықтарды алып шығу; аналық ұрықтарды күйеуінің немесе донордың шәуһетімен «құтыда» ұрықтандыру; эмбриондарды жатыр қуысына орналастыру, қажет болса қалған эмбриондарды қатырып қою.

Жалпы ДТҰ әдісімен неше уақытта емделінеді?
Толық ДТҰ әдісімен емдеу амбулаторлы түрде бір етеккір циклына (20-30 күн) созылады. Кейбір жағдайларда дайындық үшін көбірек уақыт кетеді (мысалы, жыныстық қатынаспен тарайтын індетті емдеу қажет).

ДТҰ әдісімен емделген кезде жұмыс істеуге болады ма?
Болады, міндетті түрде демалыс алудың қажеті жоқ. Емделу амбулаторлық түрде жүреді, сіз дәрігер-репродуктологқа бірнеше рет келесіз, ал аналық ұрықтарды пункциямен алған күні және эмбриондарды жатыр қуысына салған күні сіздер клиникада 2-3 сағат боласыздар.

ДТҰ әдісімен емделу кезінде жыныстық қатынас болады ма?
Болады, бірақ аналық бездерді ынталандыру кезеңінің соңғы күндерінде абайлау керек. Әйтпесе, фолликулдар мезгілінен ерте, өздері жарылып кетуі мүмкін.

Аналық бездерді күштілеп ынталандыру дегеніміз не және ол қалай істелінеді? 
Күштілеп ынталандыру дегеніміз ол аналық бездерді гормоналдық дәрілермен белсендіру, оның мақсаты бір етеккір циклында бірнеше жетілген аналық ұрықтарды алу. Сондықтан дәрігердің берген түсініктемесін дұрыс орындау керек (әр ампуланы, (саны) таблеткаларды және дәрігер айтқан басқа да нұсқауларды үзбей уақытында жасау қажет). Аналық бездерді гормоналдық дәрілермен күштілеп ынталандыру кезеңі әр әйелде әр түрлі өтеді, ол көп жағдайларға байланысты: жасы, салмағы, бұрынғы болған аурулар, бедеуліктің себебі, т.б.

Егер сіз дәріңізді уақытында жасауды ұмытсаңыз не істеу керек?
Егер сіз дәріңізді уақытында алмасаңыз, мысалы, бір сағатка кешіктіңіз, ол кезде дереу өзіңіздің дәрігеріңізге телефон шалып, оның айтқанын орындаңыз. Бірақ сіз мұндай жағдайларды болдырмауға тырысыңыз өйткені дәрілердің дер кезінде алынуы өте маңызды және емдеу процесінің нәтижесіне үлкен әсер етеді.

УДЗ- мониторингі аналық бездерді ынталандыру кезінде не үшін қолданылады?
УДЗ көмегімен дәрігер фолликулдардың өсу қабілетін анықтағаннан кейін дәрі-дәрмектердің мөлшерін тағайындайды. Фолликулдар қажетті диаметрге жеткен кезде хориондық гонадотропин (ХГ) жасалынады, ол аналық ұрықтың дамуына ықпал ететін маңызды дәрі-дәрмек.

Пункция дегеніміз не?
Бұл әдіс УДЗ көмегімен және арнайы инемен қынап арқылы аналық бездердің пункциясы жасалынып дамып жетілген аналық ұрықтар алынады. Қынап арқылы жасалынатын аналық бездердің пункциясы амбулаторлы түрде тамырдан беретін наркоз қолдану арқылы жасалынады.

Пункция алдындағы ескерту.
Наркоз және одан кейінгі кезеңде құсу болмас үшін (бұл асқыну тұншығуға әкеледі) пункцияның алдындағы күні сағат 19-00 – ден кейін тамақтан және 24-00 – ден кейін сұйықтықтардан бас тартқан жөн. Ал пункция жасалынатын күні ертеден тамақ және су ішпеу керек. Сонымен қатар макияжсыз, көздегі линзасыз, маникюрсіз, әр түрлі ювелирлық әшекейсіз және шайыр шайнамай келу шарт.

Пункциядан кейінгі шаралар
Пункциядан кейін өзіңіз қалаған тамақ пен сұйықтықтың түрін ішіп-жей беруіңізге болады. Инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін сізге антибиотиктер тағайындалады. Наркоз қолдану нәтижесінде ұйқының келуі мүмкін, әлсіздіктің әсерінен автокөлік жүргізуге болмайды. Қынапты тесу арқылы жасалынған пункциядан кейін, аз мөлшерде қан аралас бөлінділер болуы мүмкін.

Аналық ұрықты ұрықтандыру қалай өтеді?
Пункцияны жасайтын күні жолдасыңызбен бірге клиникаға келіп, аталық ұрық тапсырылуы қажет. Аталық ұрықты өңдеуден өткізіп ұрықтандыру қабілетін жоғарылатады. Аналық ұрықтарды пункция арқылы алынғаннан кейін қоректік орта заттары бар арнайы ыдыстарда орналастырып әдеттегі әйел организміндегі қалыпты жағдайға сәйкестеп инкубаторға қойылады. Пункциядан кейін 4-6 сағаттан кейін аталық ұрықты аналық ұрыққа қосады. Қалыпты жағдайда мыңдаған аталық ұрықтың ішінен біреуі ғана аналық ұрықты ұрықтандырады. 16-18 сағаттан кейін эмбриолог микроскоптың көмегімен ұрықтанудың қалай өткендігін қадағалайды.

Қалай және қашан эмбриондар әйелдің жатырына түседі?
Ұрықтанудың нәтижесінде эмбрион пайда болады, ол жасушалардың (клетка) бөлінуі арқылы дамиды. Эмбриондардың жасанды ортада өсіп, даму кезеңі 2-5 тәулікте жатырға салынады. Эмбриондарды жатырға салу процедурасы гинекологиялық креслода ауыртпай жасалынады. Дәрігер эмбриондарды арнайы катетермен жатырға орналастырады. Жүкті болудың мүмкіндігін жоғарылату үшін 2-4 эмбрион салынады. Осы күннен бастап эмбриондардың әрі қарай дамып өсуі және жатыр қабырғасына жабысуы үшін дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Жүктілік қалай анықталады?
Эмбриондар салынып берілгеннен кейін екі аптадан соң адамның хориондық гонадотропин гормонын қаннан тексеру қажет. 3 аптадан кейін УДЗ арқылы көрсе де болады.

ДТҰ кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін?
ДТҰ кезінде мынандай асқынулар болуы мүмкін: аналық бездердің шамадан тыс ынталануы, пункция кезінде қан кету, жатырдан тыс жүктілік, көп нәрестелі жүктілік, әйел жыныс мүшелерінің созылмалы қабыну ауруларының өршуі.

Аналық бездердің шамадан тыс ынталандырылу синдромы дегеніміз не?
Бұл асқыну гормоналды дәрі-дәрмектердің көмегімен ынталандыру кезіндегі аналық бездердің әдеттен тыс реакциясы әсерінен болады. Жеңіл түрінде болатын шамадан тыс ынталандыру синдромының клиникалық белгілері: аналық бездердің ұлғаюы, бастың айналуы, ентігу, іштің кебуі, іштің төменгі жағының ауырып және ауырлауы байқалады. Кейде лоқсу және құсу болуы мүмкін. Шамадан тыс ынталандыру синдромының ауыр түрлері болмау үшін осындай белгілер болған жағдайда бірден міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Жатырдан тыс жүктілік дегеніміз не?
Жатырдан тыс пайда болатын жүктілік кезінде эмбрион жатыр ішінде емес, басқа жерде дамиды, мысалы: жатыр тутікшелерінде немесе іш қуысында болуы мүмкін. Бұл жағдайда биохимиялық зерттеулер (қан арқылы тексергенде) жүктілікті көрсетеді. Егерде іштің төменгі жағының ауруы болса, қан кетсе дәрігерге қаралу керек, өйткені, жатырдан тыс пайда болатын жүктілік әйел өміріне өте қауіпті жағдай. Бұл жағдайларда ауру әйел, бірден емханаға жатқызылу керек.

Көп нәрестелі жүктілік қандай жиілікте болады?
ДТҰ әдісімен және табиғи жолмен ұрықтану кезін салыстырғанда, ДТҰ –да көп нәрестелі жүктіліктің болуы жоғары ( 24% қарсы 1%). Бұл жағдай жүкті болудың мүмкіндігін жоғарылату үшін 2 және одан көп эмбриондарды жатырға салынуы нәтижесінде болады. Көп нәрестелі жүктілік 50% жағдайда асқынуларға әкеледі: түсік тастау, мезгілінен ерте босану, токсикоздың ауыр түрлері, гипертония, іштегі нәрестенің дамуының төмендеуі. Осы асқынулар салдарынан көп жағдайда жүктілік кесар тілігімен аяқталады.

Эмбрионның редукциясы деген не?
Редукция әдісі көп нәрестелік жүктілік кезінде жасалынады. 7-8 апталық жүктілік мерзімінде көп нәрестелі жуктіліктің түсік тастау қауіпін алдын алу мақсатымен қолданылады. Бір эмбрионды «редукция» жасап алып тастаса да, қалғандары ары қарай дамып, өсе береді.

ДТҰ балалардың денсаулығына әсер етеді ме?
Дуние жүзінде 2 млн астам бала осы әдістің көмегімен дүниеге келген. Егер салыстыратын болсақ, онда табиғи жолмен ұрықтанып дүниеге келген балалардың арасындағы туа пайда болған дерттерден жоғары емес.

ДТҰ қолданып генетикалық ауруларды алдын-алуға болады ма?
ДТҰ әдісі арқылы эмбриондардың тұқым қуалайтын әр түрлі генетикалық ауруларды анықтауға болады. Бұл әдісті эмбриондарды жатырға салмай тұрып жасау қажет. Зерттеу әдісін «имплантация алдындағы генетикалық диагностика» (ИГД) деп атайды. ИГД әдісімен кейбір генетикалық ауруларды зерттеуге болады, олар: муковисцидоз, гемофилия, талассемия, Даун синдромы және т.б. түрлері. Бірақ бұл әдіспен нәресте міндетті түрде дені сау болып дүниеге келеді деп кепілдік бере алмайды.

ИГД әдісі қалай жасалынады?
Лабораториялық жағдайда ұрықтандырылған эмбриондар 3 тәулікте 6-8 жасушалық (клеткалық) болады. Эмбриолог микроскоптың көмегімен микроманипуляторларды қолданып, әр эмбрионның бір жасушасынан бөліп алып зерттейді. Содан кейін дұрыс эмбриондар жатырға салынады.

ИКСИ дегеніміз не?
Егерде аталық ұрықтың ұрықтандыру көрсеткіші төмен болса немесе аналық ұрықтың сыртқы қабығынан өтпей, ұрықтандыра алмайтын болса сол кезде қолданылатын әдіс. Бұл әдіс арнайы микроманипуляторларды қолдану арқылы бір ғана аталық ұрық аналық ұрықтың цитоплазмасына еңгізіледі, соның нәтижесінде ұрықтану болады.

ТЕЗА және МЕЗА дегеніміз не?
Еркектің шәуһетінде аталық ұрық болмаған кезде қолданылатын әдістер болып табылады. Аталық ұрық пункция арқылы аталық жұмыртқаның басынан немесе өзінен алынады. Бұл әдістер тамырдан беретін наркоз қолдану арқылы жасалынады. Алынған аталық ұрықтармен тек қана ИКСИ әдісін қолдану арқылы ДТҰ жасалынады.

Қандай жағдайларда әйел донорының ұрығы қолданылады?
Егер әйелдің аналық бездерінен әр түрлі жағдайлармен ұрық алуға мүмкіншілік болмаған жағдайда донор әйелдің ұрығын пайдалануға болады. Оны күйеуінің шәуһетімен ұрықтандырып өз әйеліне эмбрион түрде салып беріледі.

Донорлық шәуһет дегеніміз не?
ДТҰ әдісінде донорлық шәуһетті еркектің толық бедеулігінде қолданады. Соған косымша донорлық шәуһет тұрмысқа шықпаған әйелдерге қолдануға болады. Донор болу үшін бұл адамдар өте мұқият тексеру-зерттеулерден өтеді.

Суррогатты ана деген не?
Бұл бағдарлама бойынша денсаулығы жарамайтын әйелдер ана бола алады. Өздерінен алған аналық ұрықты күйеуінің шәуһетімен ұрықтандырып, болған эмбрионды басқа әйелдің жатырына салып беріледі. Ол әйел жүктілікті бала дүниеге келгенше көтеріп беруі тиіс.

Жатыр қуысына шәуһетті еңгізу арқылы жасалған жүктілік дегеніміз не?
Бұл әдісте жатыр қуысына шәуһет арнайы катетермен құйып еңгізіледі, соның арқасында жүктілік болады. Бұл әдісті бір циклдың ішінде 2-3 (күн) рет жасауға болады. Жатыр қуысына шәуһетті құйып еңгізудің негізгі шарты ол жатыр түтікшелерінің өткізу қабілетінің дұрыс сақталынуы. Осы әдісті өткізу нәтижесінде жүктілік 20-40 пайызға дейін болады.

Жатыр қуысына шәуһетті еңгізу арқылы жасалған жүктілік әдісінде қандай асқынулар болуы мүмкін?
Егер бұл әдісті қолдану үшін аналық бездерді гормоналды ынталандырса, онда аналық бездердің шамадан тыс ынталандырылу синдромымен асқынады. Тағы бір асқынудың түрі ол көп нәрестелі жүктілік. Егер шәуһет жатыр түтікшелері арқылы іш қуысына өтіп кетсе онда ауру сезімдері пайда болады. Жатырдан тыс пайда болатын жүктіліктің жиілігі әдеттегі ұрықтану арқылы болған жүктіліктен айырмашылығы жоқ.