ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ

Андролог – ерлер проблемаларының, ерлердің жыныстық саласы ауруларының маманы. Гинеколог – репродуктологтар сияқты, андрологтар да еркекке ерекше көңіл бөле отырып, жалпы репродуктивтік денсаулығымен айналысады.

 

Азооспермия – ұрықтық сұйықтықта (шәуһетте) аталық ұрық-сперматозоидтардың (ерлердің жыныстық жасушалары) жоқ болуы.

 

Бедеулік әйелдің не еркектің немесе екі жұптың да ағзасында осы не өзге себептер бойынша жұбайлар бала көтеретін жаста болған жағдайда, қандай болсын сақтандыру құралдарын қолданбай 1 жыл ішінде тұрақты жыныстық қатынас кезінде соларда жүктілік болмаған жұп есептеледі.

 

І Бедеулік (бастапқы) – бұл диагноз бірде-бір жүктілігі болмаған әйелге қойылады.

 

ІІ Бедеулік (екінші) – бұл диагноз әйелдің өмірінде жүкті болған (ол жүктілік немен аяқталса да бәрібір – бала туумен, абортпен түсікпен, өліп түсумен немесе жатырдан тыс жүктілікпен) кезінде қойылады.

 

Түсіндіруге келмейтін (идиопатиялық) бедеулік – жүктіліктің болмау себебін анықтау мүмкін емес бедеулік.

 

Аталық бездің биопсиясы – ұрық шығару жолдары жабық немесе туа пайда болған ұрық шығару жолдары бітелген еркекте аталық ұрығын алу үшін жасалатын шағын операция. Андролог вена ішіне ауырсынуды басудан кейін аталық бездің қосалқысынан немесе аталық безден ұма терісі арқылы енгізілген жұқа ине арқылы аталық ұрықты алу жолымен орындалады. Бұл әдіс эякулятта (ұрықтық сұйықтықта) аталық ұрық мүлде табылмаған кезде, абсолютті еркек бедеулігі кезінде қолданылады.

 

Қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) – бедеулікті емдеудегі эмбрионның ұрықтану немесе алғашқы дамуының жеке немесе барлық  кезеңдері ағзадан тыс жүзеге асырылатын әдістер.  ҚРТ: жатырішілік инсеминация, ДТҰ, ИКСИ, қосалқы хэтчинг, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды криоконсервациялау, криоконсервациялаудан кейін эмбриондарды салу, аналық ұрықтың донорлығы, имплантация алдындағы генетикалық диагностика және т.б. жатады.

 

Жатырішілік инсеминация – жатыр қуысына жұбайының немесе донордың дайындықтан өткен шәуһетін катетердің көмегімен құйып енгізу. Бедеулікті емдеудегі бұл әдістің міндетті шарты – қалыпты өтетін жатыр түтікшелер болып табылады.

 

Генетик  кез келген тірі ағзаның тұқым қуалаушылығын зерделейтін маман. Ол генетикалық ақпаратты беру және мутациялық процестердің заңдылықтарын зерттейді. Дәрігер-генетиктің кеңесі не үшін қажет? Егер жақын арада ата-ана болуды жоспарлап жүрсеңіздер, ұрықтануға дейін осы дәрігерге қабылдауға келіп, болашақ сәбилеріңіздің денсаулығында ауытқулар болмайтынына көз жеткізу жөн. Генетик болуы мүмкін ауытқулар жайлы түсіндіреді, қажетті тексерулер жүргізеді.

 

ИКСИ  (аталық ұрықтың интрацитоплазматикалық инъекциясы)  арнайы құралдардың (микроманипуляторлардың) көмегімен микроском арқылы жалғыз аталық ұрықты аналық ұрықтың ішіне микрохирургиялық әдіспен енгізу, еркек бедеулігінің ауыр түрлері кезінде қолданылады.

Эякулятта аталық ұрықтар болмаған кезде аталық ұрықты аталық жұмыртқаның басынан (MESA = Microsurgical epididymal spermaspiration) немесе жұмыртқаның өзінен (TESE = testicular spermextraction) алу мүмкіндігі бар. Азооспермия болған кезде аналық ұрыққа енгізілетін аталық ұрық аталық безге биопсия жасау арқылы алынады.  ТЕЗА да,  МЕЗА да, шын мәнінде, ИКСИ әдісінің нұсқалары болып табылады. Айырмашылығы аталық ұрықтың «көзінде» құралады: ТЕЗА-да аналық ұрыққа енгізуге қажетті аталық ұрықтарды аталық жұмыртқаның пункциясы кезінде алады, ал МЕЗА-да – аталық жұмыртқаның басының пункциясы кезінде алады.

 

Кариотип  адам ағзасы жасушаларының хромосомаларының жалпы белгілерінің жиынтығы. Жай сөзбен айтқанда – бұл қан тобы сияқты ешқашан өзгермейтін адамның хромосомдық паспорты болып табылады. Кариотипті зерттеу хромосомалардың ауытқуларын анықтау мақсатында жүргізіледі. Көп жағдайда бұл тексеруді хромосомдық ауытқулармен байланысты ауруларды анықтау үшін балаларда және бедеулік немесе әдетте түсік тастауы болған ерлі-зайыптыларда жүргізіледі.  Бұл жағдайда хромосомалардың құрылымындағы өзгерістерді бақылау бедеуліктің себебін және осы отбасындағы балалардың хромосомдық ауытқулармен туу қаупін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Криоконсервация – эмбриондарды немесе шәуһетті  -196 градус С температурасы болатын сұйық азотта терең қатырып қою.

 

Овуля́ция (лат. ovulla — жұмыртқа жетіліп тұрған фолликулдың жарылуының нәтижесінде аналық безден аналық ұрықтың дене қуысына шығуын білдіретін құбылыс. Дене қуысынан аналық ұрық жатыр түтікшелеріне түседі, сол жерде ұрықтану жүзеге асады. Овуляцияның биологиялық мағынасы аналық ұрықтың ұрықтану үшін фолликулдан босап, ұрықтанғаннан кейін жатыр қуысына барып орналасуы. Әйел ағзасында гормоналдық фон өзгерген кезде, нақтырақ айтқанда, аборттан кейін, жүктілік кезінде немесе климакстың басталуы алдында овуляцияның ритмі өзгеріске ұшырайды. Бала көтеру және сәбиді ана сүтімен қоректендірудің алғашқы кезінде овуляция процесі уақытша тоқтап тұрады. Менопауза басталғаннан кейін әйелдің етеккірі тоқтап,  овуляция мүлдем болмайды.

 

Имплантация алдындағы генетикалық диагностика (ИАГД) – эмбрионды жатыр қуысына салмай тұрып және соған сәйкес, жүктілік басталғанға дейін оны генетикалық тестілеуден өткізуге мүмкіндік береді. Бұл әдістеме ДТҰ бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі және жатыр қуысына тек «дені сау», яғни генетикалық аурулары анықталмаған эмбриондарды салуға мүмкіндік береді, соларды анықтау үшін осы диагностика жүргізіледі.

 

Пункция  ультрадыбыстық бақылау барысында фолликулдардан аналық ұрықты инемен тесіп алу.

 

Репродуктолог – акушер-гинеколог, қосалқы репродуктивті технологиялар саласында (мысалы, ДТҰ) арнайы дайындықтан өткен, бедеулікті емдейтін маман.

 

Репродуктология – адамның репродуктивтік денсаулығын, бала біту және көтеру қабілеті туралы ғылым.

 

Сперматозоид – жетілген аталық жыныстық жасуша.

 

Овуляцияны ынталандыру (сондай-ақ овуляция индукциясы деп аталады) бір немесе бірнеше мөлшерде аналық ұрықты өндіру үшін аналық бездерді ынталандыруға бағытталған. Овуляцияны ынталандыру әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарын пайдаланып жүргізілуі мүмкін.

 

Фолликул – эпителийлі жасушалардың қабатымен және дәнекер тіннің екі қабатымен қоршалған, фолликулярлық сұйықтықтан, аналық безден құралатын аналық бездің құрылымдық құрамбөлігі.

 

Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) – жасанды жолмен ұрықтандыру, мамандар денеден тыс ұрықтандыру деп атайды, – бұл адам ағзасынан тыс, яғни зертханалық жағдайда немесе жай сөзбен айтқанда «құтыда» ұрықтандыру.

 

ДТҰ бағдарламасы –етеккір циклі ағымында әйелдің жағдайын көп есе бағалау мен әр түрлі препараттарды тағаындауды талап ететін күрделі көп сатылы процесс, сол кезде ДТҰ әрекеті жүргізіледі.

 

Циклдің 1- (бірінші) күні – етеккір басталған 1-күн (менструация).  

 

Эмбрион – ағзаның даму сатысы. Адамда эмбриондық кезең ұрықтанудан бастап, дамудың 10-ыншы және 13-інші аптасы арасында аяқталады. Ағзаның барлық басты құрылымдары мен мүшелері осы кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңнің соңына таман адам эмбрионы ұзындығы 30 мм жетеді. Осыдан кейін эмбрион ұрық деп есептеледі.

 

Эмбриолог – репродуктология саласындағы адам эмбриондарын ұрықтандырумен және өсірумен айналысатын маман. Ол жыныстық клеткалар, эмбриондармен байланысты барлық жұмысты атқарып, микроманипуляциялар мен микрохирургиялық операцияларды жасай отырып, іс жүзінде жаңа өмірдің басталуына үлес қосады. ДТҰ кезінде асыға күткен жүктілікке қол жеткізуде табыстың кілті - жоғарғы білікті мамандармен жиынтықталған және арнайы құралдармен жабдықталған жаңа заманға сай эмбриология зертханасының болуы.

 

Эмбриология (грек тілінен – ұрық туралы ілім) – эмбрионның дамуын, анатомиясы мен физиологиясын, өсіп-жетілу заңдылықтарын және ауытқуларын зерттейтін биологиялық ғылым.

Медицинада эмбриология ең алдымен, гинекологиялық практикада қолданылады. ДТҰ саласында гинекология жетістіктері ең бастысы эмбриология жетістіктерімен байланысты. ДТҰ әдісін эмриологтар зертханалық жануарларға әзірлеген, содан кейін медициналық практикаға енгізген.

 

Аналық ұрық – әйелдің жыныс жасушасы, ұрықтанғаннан кейін одан ұрық пайда пайда болуы мүмкін. Аналық безде даму кезеңінде ооцит деп аталады.