ТЕКСЕРУ КӨЛЕМІ

ЖІИ/ДТҰ бағдарламасын өткізуге қажетті тексеру көлемі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 30.10.2009ж.  № 627 бұйрығымен бекітілген.

                Төменде әрбір талдау үшін әрбір талдаудың жарамдылық мерзімін көрсете отыра ІЖҰ бағдарламасын бастау алдында ерлі-зайыптылар жұбын тексеруге қажетті тізім ұсынылған. Сізге ыңғайлы болу үшін сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша да көптеген зерттеулерден өте аласыз.
                Әйелдер үшін: 
1. Міндетті тексеру:
       ―   жалпы және арнаулы гинекологиялық тексеру;
       ―   кіші жамбас астау мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу;
       ―  қан тобы мен резус-факторды анықтау (бір рет);
       ―   қан ұйығыштық уақытын қоса алғанда, қанның клиникалық талдауы (10 күн);
       ―   мерезге, адамның иммунитет тапшылығы вирусы, В және С гепатиттерiне қанның талдауы (3 ай);
       ―   уретрадан, цервикальды түтiктен қынаптың тазалық дәрежесiне сүртінді (10 күн);
       ―   ДТҰ-ға және жүктілікті көтеруге қарсы айғақтарының жоқтығын көрсетіп терапевтің қорытындысы (өкпе флюрографиясы болу керек) (1 жыл);
       ―   онкоцитологияға жағынды алу (1 жыл);
       ―   гистеросальпингография және/немесе лапароскопия әдістерімен жатырдың және жатыр түтіктері жағдайын зерттеу;
       ―   қандағы пролактинді, лютеиндеуші гормонды (бұдан әрі - ЛГ), фолликулостимулдаушы гормонды (бұдан әрі - ФСГ), тестостеронды, етеккір циклының 3-5 күндеріндегі тиреотроптық гормон, етеккір циклының 16-18 күндеріндегі прогестеронды анықтау (6 ай);
       ―   жұқпалы ауруларға (қарапайым герпес вирусы, цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма, хламидин, гонорея, трихомониаз, токсоплазмоз, қызамық) тексеру (6 ай);
       ―   қанның биохимиялық талдауы (10 күн);
       ―   коагулограмма, қызыл жегі антикоагулянт (10 күн);
       ―   электрокардиограмма (1 жыл) (қайта – өзгерген кезде, ҚРТ алдында көрсетілімдер бойынша);
       ―   жалпы зәр талдауы (10 күн);
       ―   генетиктің консультациясы.
2. Айғақтар бойынша:
       ―   қалқанбездерін, сүт бездерін ультрадыбыстық зерттеу;
       ―   қандағы эстрадиолды, кортизолды, трийодтиронинді, тироксинді, дегидроэпиандростендионды (ДГЭА-S), антимюллерлік гормонды (АМГ) анықтау;
       ―   антиспермалық және антифосфолипидтi антидененің бар екендiгiн тексеру;
       ―   қорытындыны ұсынумен айғақтары бойынша басқа мамандардың тексеріп-қарауы;
       ―   кариотиптік талдау (35 жастан кейін);
       ―  эндометрийді гистологиялық зерттелетін гистероскопия.
Ерлер үшін:
1. Міндетті тексеру:
       ―   спермограмма, эякулятты морфологиялық зерттеу (1 ай);
       ―   қан тобы мен резус-факторды анықтау (бір рет);
       ―   мерезге, адамның иммунитет тапшылығы вирусы, В және С гепатиттерiне қанның талдауы  (3 ай);
       ―   жұқпалы ауруларға (қарапайым герпес вирусы, цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма, хламидин) тексеру (6 ай);
       ―   андрологтың консультациясы (1 жыл);
       ―   уретраның тазалық дәрежесіне жағынды (10 күн).
2. Айғақтар бойынша:
       ―   ЛГ, ФСГ, тестостеронға, пролактинге тексеру;
       ―   қуық асты безінің секретін зерттеу;
       ―   шәуеттің бактериологиялық себіндісі (немесе қуықасты безінің секреті);
       ―   гипоосмолярлық тест және шәуеттің флотациясы (некроспермия кезінде);
       ―   аталық ұрықтардың хромосомаларын зерттеу (FISH-шәуеттер);
       ―   PSA (40 жастан кейін);
       ―   Кариотиптік талдау;
       ―   Кiшi жамбас мүшелерiн және ұма мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу.