Қарабалин Айбар Абзалұлы

Эмбриолог
Қабылдау жүргізетін қала: Атырау

Дәрігер туралы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Биотехнология» мамандығы бойынша табысты тәмамдаған. Ерлердің фертильділігін бағалау технологияларын енгізуге қатысқан, сперматозоидтардың криотөзімділігін тексерудің анағұрлым тиімді тестілерін ұсынған, сондай-ақ ЭКҰ/ИКСИ үшін сперматозоидтарды өңдеу хаттамаларын сәтті жетілдірген.

ЭКҰ, ИКСИ, қосалқы хэтчинг, бластомерлер биопсиясы, адамның гаметалары мен эмбриондарын криоконсервациялау, преимплантациялық генетикалық диагностика технологияларын жоғары деңгейде меңгерген. Көптеген ерлі-зайыптылардың бақытты ата-ана болу туралы асыл арманын жүзеге асыруға көмектесу мүмкіндігіне ие болғанын мақтан тұтады.

Әрқашан алға ұмтылу, қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмау, даму және күн сайын жақсырақ бола түсу.

Лауазымы

Эмбриолог

Жұмыс өтілі

9 жылдан астам