Бекмұсаев Батыр Қаратайұлы

Қазақстандағы алғашқы ЭКҰ клиникасының негізін қалаушы, Экомед клиникалар тобының бас директоры.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында туған. Алматы энергетика институтын бітірген (1980).

Еңбек өтілі: Қазақстан тәуелсіздік алған кезде Қазақ КСР Табиғатты қорғау мемлекеттік комитетінде сыртқы байланыстар бөлімінде қызмет атқарған. 1991 жылы ол «Сырым» шағын кәсіпорнын құрды, кейін ол қазақстандық тұңғыш құтыдан туылған баланың авторы әйелі Салтанат Байқошқарованың идеясын қаржылай қолдау мақсатында бизнесін сатып жіберді. 1995 жылы ерлі-зайыптылар Қазақстандағы алғашқы ЭКҰ зертханасының негізін қалады — «Экомед» медициналық орталығы. Осымен қатар Батыр Бекмұсаевтың жетекшілігімен Адам репродукциясы және эмбриология институты (2010 ж.) және Қазақстан адам репродукциясы қауымдастығы (2006 ж.) құрылды.

«Адал әңгіме» және «Жауабы жоқ дүние» кітаптарының авторы.

Дәл қазір кездесуге жазылыңыз
"Өтінім жіберу" батырмасын басу арқылы сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз
Өтінім сәтті жіберілді. Біздің менеджер Сізбен байланысады!