Пациенттердiң құқықтары

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСI ТУРАЛЫ» Кодексi

134-бап. Пациенттердiң құқықтары

1. Пациенттiң осы Кодекстiң 12-тарауында көрсетiлген құқықтардан басқа:

      1) профилактика, диагностика, емдеу процесiнде өзiне лайықты қарауына, өзiнiң мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетiлуiне;

      2) қандай да бiр кемсiтушiлiк факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негiзiнде айқындалатын кезектiлiкпен медициналық көмекке;

      3) шұғыл және кезек күттiрмейтiн көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және (немесе) мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде дәрiгердi немесе медициналық көмек ұсынатын медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

      4) медициналық ұйымда аудио-, және (немесе) бейнебайқау және жазба жүргiзiлетiндiгi туралы құлақтандырылуына;

      5) медициналық технологиялардың қолда бар деңгейiнiң қаншалықты мүмкiндiгi болса, сондай шамада дерт азабының жеңiлдетiлуiне;

      6) өз денсаулығының жай-күйi туралы ақпарат (пациентке қолжетiмдi нысанда ұсынылатын және балама емдеу әдiстерiнiң ықтимал тәуекелi мен артықшылықтары туралы деректер, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы мәлiметтер, диагноз, емдiк iс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оны үйiне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерiнiң түсiндiрмесi) және тәуелсiз пiкiр алуға және консилиум өткiзiлуiне;

      7) көру және (немесе) есту қабiлеттерi бұзылған адамдар үшiн қолжетiмдiлiк ескерiле отырып, өз құқықтары мен мiндеттерi, көрсетiлетiн қызметтер, ақылы көрсетiлетiн қызметтердiң құны және бiрлесiп төлеу мөлшерi, олардың ұсынылу тәртiбi; тағайындалатын дәрiлiк зат; өзiне медициналық қызметтер көрсететiн медицина қызметкерлерi туралы ақпаратты алуға;

      8) оқу процесiне қатысудан, сондай-ақ емдiк-диагностикалық емшаралардың жүргiзiлуi кезiнде үшiншi тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

      2. Пациенттiң құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекi үгiт орналасатын жерлерiнде орналастырылады.

      3. Медициналық көмек медициналық көмек алуға пациенттiң хабардар етiлген келiсiмi алынғаннан кейiн ұсынылады. Инвазиялық араласулар кезiнде пациенттiң хабардар етiлген келiсiмi уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша жасалады.

      4. Пациент өз денсаулығының жай-күйi туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Денсаулығының жай-күйi туралы ақпарат пациенттен оның денсаулығының жай-күйi ескерiле отырып, жасырылуы және пациенттiң жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкiлдерiне хабарлануы мүмкiн.       5. Пациенттердiң құқықтарын қорғауды мемлекеттiк органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық бiрлестiктер өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

136-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

1. Кодекстiң 137-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттiң немесе оның заңды өкiлiнiң медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.

      2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде пациентке немесе оның заңды өкiлiне медицина қызметкерi пациентке немесе оның заңды өкiлiне қолжетiмдi нысанда ықтимал салдары туралы түсiнiк бередi.

      3. Медициналық көмектен бас тарту ықтимал салдары көрсетiле отырып, медициналық құжаттарда жазбамен, оның iшiнде электрондық форматта ресiмделедi және оған пациент не оның заңды өкiлi, сондай-ақ медицина қызметкерi қол қояды.

      Пациент не оның заңды өкiлi медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнiнде медициналық құжаттамада тиiстi жазба, оның iшiнде электрондық форматта жүзеге асырылады және оған медицина қызметкерi қол қояды. 4. Кәмелетке толмаған не әрекетке қабiлетсiз адамның заңды өкiлдерi аталған адамдардың өмiрiн сақтап қалу үшiн қажеттi медициналық көмектен бас тартқан кезде медициналық ұйым олардың мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық және қамқоршылық органына және (немесе) сотқа жүгiнуге құқылы.

137-бап. Пациенттiң келiсiмiнсiз медициналық көмек көрсету

1. Пациенттiң келiсiмiнсiз медициналық көмек көрсетуге:

      1) өз еркiн бiлдiруге мүмкiндiк бермейтiн есеңгiреген, ес-түссiз күйдегi;

      2) айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулары бар;

      3) ауыр психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар;

      4) қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты жол берiледi.

      2. Кодекстiң 78-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келiсiмдi және сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдар үшiн келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi.

      3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қатысты келiсiмсiз медициналық көмек көрсету туралы шешiмдi — консилиум, ал консилиумды жинау мүмкiн болмаған кезде медициналық ұйымның лауазымды адамдарын кейiннен хабардар ете отырып, тiкелей медицина қызметкерi қабылдайды.       4. Пациенттiң келiсiмiнсiз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер жойылғанға дейiн жалғастырылады.

135-бап. Пациенттердiң мiндеттерi

1. Пациент:

      1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

      2) медицина қызметкерлерiмен қатынаста құрмет пен сабырлық танытуға;

      3) ауруға диагноз қою және оны емдеу үшiн қажеттi барлық ақпаратты дәрiгерге хабарлауға; медициналық араласуға келiсiм бергеннен кейiн медицина қызметкерлерiнiң тағайындауын мүлтiксiз орындауға;

      4) медициналық көмек алу кезiнде медициналық ұйымның iшкi тәртiптеме қағидаларын сақтауға және мүлкiне ұқыпты қарауға, медицина персоналымен ынтымақтастықта болуға;

      5) диагностика мен емдеу процесiнде, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулар не оларға күдiк туындаған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйiнiң өзгерiсi туралы медицина қызметкерлерiне уақтылы хабарлауға;

      6) басқа пациенттердiң құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi. 2. Пациенттердiң осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетiлген мiндеттерi стационарда ауру балаға күтiмдi тiкелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады

12-тарау. АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

76-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету кепiлдiгi

1. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

      1) медициналық көмекке тең қол жеткiзуге;

      2) медициналық көмектiң сапасына;

      3) дәрiлiк қамтамасыз етудiң сапасына;

      4) дәрiлiк заттардың қолжетiмдiлiгiне, тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiне;

      5) аурулардың профилактикасы, саламатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша iс-шаралар жүргiзуге;

      6) репродуктивтiлiктi таңдау еркiндiгiне, репродуктивтiк денсаулықты сақтауға және репродуктивтiк құқықтарын сақтауға;

      7) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылыққа кепiлдiк бередi.

      3. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың қандай да бiр аурулары мен жай-күйлерiнiң болуына орай кемсiтушiлiк пен стигматизацияның кез келген нысандарынан қорғауға кепiлдiк бередi.

77-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

      1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға;

      2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және (немесе) мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде дәрiлiк заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етiлуге;

      3) дәрiгер мен медициналық ұйымды еркiн таңдауға;

      4) пациент стационар жағдайында емделуде болған жағдайда емдiк тамақ алуға;

      5) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс және (немесе) мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде өз қаражаты, ұйымдардың, ерiктi медициналық сақтандыру жүйесiнiң қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебiнен қосымша медициналық көмекке;

      6) ақылы негiзде медициналық және өзге де көрсетiлетiн қызметтердi алуға;

      7) көрсетiлiмдер болған кезде бюджет қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде медициналық көмек алуға;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық фактiсiн куәландыратын тиiстi құжаттарды алуға және олардың берiлуiне;

      9) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және емдеушi дәрiгерден олардың құзыретi шегiнде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдiстерi, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйiн, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететiн факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы анық ақпаратты өтеусiз және тұрақты түрде алуға;

      10) мемлекеттiк органдардан, тәуелсiз сараптама ұйымдарынан және дәрiлiк заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектiлерден өткiзiлетiн дәрiлiк заттардың, медициналық бұйымдардың қауiпсiздiгi, тиiмдiлiгi мен сапасы туралы ақпарат алуға;

      11) медицина қызметкерiнiң құпиясын құрайтын мәлiметтердiң қорғалуына;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерiне медициналық көмек көрсету кезiнде денсаулығына келтiрiлген зиянды өтетуге;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына;

      14) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдануға;

      15) мемлекеттiк медициналық сараптама қорытындыларымен келiспеген жағдайда, тәуелсiз сарапшыларды тарту туралы жоғары тұрған органдарға өтiнiшхат беруге;

      16) донор ретiнде әрекет ету мүмкiндiгi туралы ерiктi түрде ерiк бiлдiруге;

      17) қайтыс болғаннан кейiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен трансплантаттау мақсатында өздерiнен тiндердi (тiннiң бөлiгiн) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлiгiн) алуға келiсу не алудан бас тарту туралы ерiк бiлдiруге;

      18) емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның iшiнде профилактикалық екпелердi жүргiзуге хабардар етiлген келiсiм беруге немесе олардан бас тартуға;

      19) бiрлесiп төлеуге;

      20) жазылмайтын созылмалы ауруларды емдеу кезiнде ауырсынуды басатын ем алуға;

      21) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның iшiнде медициналық зерттеп-қарау нәтижелерi, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдiстерi, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлерi, оның салдарлары мен медициналық көмек көрсету нәтижелерi туралы мәлiметтердi қолжетiмдi нысанда алуға;

      22) аурулардың профилактикасы туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететiн немесе оларға жағымсыз әсер ететiн факторлар, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйi, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң адам денсаулығы үшiн ықтимал қауiптiлiгi, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнiмнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы анық және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар;

      23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.

      1-1. Мүмкiндiгi шектеулi адамдардың (мүгедектiгi бар адамдардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуiне құқығы бар. 2. Әйелдердiң отбасын жоспарлау және өз денсаулығын сақтау мақсатында ана болу туралы мәселенi шешуге және қаламаған жүктiлiктiң алдын алудың қазiргi заманғы әдiстерiн еркiн таңдауға құқығы бар.

Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:

      1) репродуктивтiк жастағы әйелдерге медициналық қарап-тексерулердi жүргiзумен, оларды динамикалық байқаумен және сауықтырумен;       2) әйелдердiң репродуктивтiк денсаулығына және науқас баланы күтiп-бағу бойынша стационарға түскен кезде баланың денсаулығына тiкелей әсер ететiн негiзгi ауруларды медициналық көрсетiлiмдерi бойынша емдеумен қамтамасыз етiледi.

Запишитесь на прием прямо сейчас
Нажимая "Отправить заявку", вы даете согласие на обработку своих персональных данных
Заявка успешно отправлена. Наш менеджер свяжется в Вами!