Сапа саясаты
Сапа саясаты
«Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясы — Ecomed» ЖШС-нің кәсіби қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
- Бедеулікті анықтау және алдын алуға бағытталған медициналық қызметтерді үйлестіру.
 - Постдипломдық білімді жаңартуға ықпал ететін инновациялық репродуктивтік технологияларды трансферлеу.
 - Ұлттық басымдықтарды ескере отырып, қосымша кәсіби медициналық білім беру бағдарламаларының қажеттілігін болжау.
 - Постдипломдық білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильділік жүйесін құру.
 - Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі мен тиімді қызметін қамтамасыз ету жүйесін құру.
 
«Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясы — Ecomed» ЖШС қызметінің сапаны жақсарту саласындағы негізгі қағидаттары:
- Басқару тетіктерін үнемі жетілдіру және дамыту.
 - Білім беру қызметтерінің жоғары сапасы және бәсекеге қабілеттілігі.
 - Тұтынушылар мен мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
 - Нарық қажеттіліктерінің өзгерістеріне икемді жауап беру.
 - Сапа саласындағы саясат пен мақсаттардың бірлігін қамтамасыз етудегі қызметкерлердің жеке жауапкершілігін мойындау, кәсіби қабілеттер мен ресурстарды тиімді пайдалану.
 - Сапа менеджменті жүйесінің қағидаттарын сақтау.
 
«Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясы — Ecomed» ЖШС-нің жоғары басшылығы саясатта көрсетілген қағидаттардың сақталуы мен орындалуына жауап береді және осы саясатты іске асыруда барлық қызметкерлерге үлгі болуға міндеттенеді.
