Тыңдаушылардың Ар-намыс Кодексі
ЖШС «ИРТА- ECOMED» тыңдаушылардың ар-намыс кодексі
Академия тыңдаушыларының ар-намыс кодексі барлық тыңдаушылар үшін міндетті болып табылады.
- Академия тыңдаушысы әрқашан жоғары, гуманистік медициналық мекеменің өкілі екенін есте сақтап, оның беделін құрметтейді және медицинадағы асыл дәстүрлерді сақтап, дамытады.
- Академия тыңдаушысы өз ұстаздарына лайықты құрмет пен алғысын білдіреді.
- Академия тыңдаушысы кәсіби құзыреттілікке, ғылыми білімге және пациентке қатысты ақпараттың құпиялылығын сақтау қағидатына берік екендігін түсінеді.
- Академия тыңдаушысы оқу үлгеріміне, тәртіпке, мінез-құлық нормаларына, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және плагиаттан аулақ болуға жауапты.
- Академия тыңдаушысы денсаулықты салауатты өмір салтының қажеттілігі ретінде қабылдап, маскүнемдік, бұзақылық, нашақорлық сияқты антиәлеуметтік көріністерді белсенді түрде болдырмайды.
- Академия тыңдаушысы жалпыадамзаттық моральдық-этикалық қағидаттарды басшылыққа алып, ұлтаралық келіспеушіліктерді, діни экстремизмді, ұлтшылдықты және сыбайлас жемқорлықты жол берілмейтін деп санайды.
- Академия тыңдаушысы интернационализация мен басқа жоғары оқу орындарының студенттерімен ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындайды.
- Академия тыңдаушысы ЖШС «АИРТ- Ecomed» тыңдаушыларының негізгі этикалық құжаты – Ар-намыс кодексін қатаң сақтайды.