НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Орал қаласының жаңа жұмыс кестесі

Все статьи
15 қыркүйек, 2026
Алматы

Біздің клиника жаңа жұмыс кестесіне көшті.

Қазақстан Республикасы халқының арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.07.2020 ж. №44 қаулысының талаптарын орындау мақсатында «ЭКОМЕД» клиникасында келесі карантиндік шаралар енгізілді:

— Пациенттер тек алдын ала жазылу бойынша қабылданады.
— Талдаулардың барлық түрін қабылдау тек алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
— Клиника аумағында пациентпен бірге келген адамдардың болуына тыйым салынады. Әрекетке қабілетсіз пациентке бөгде адамның көмегі қажет болған жағдайда клиника аумағына тек бір еріп жүруші адамға кіруге рұқсат етіледі.
— Қабылдауға бір күн қалғанда пациенттердің денсаулық жағдайы туралы телефон арқылы сауалнама жүргізіледі. ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда қабылдауды кемінде 2 аптадан кейінгі мерзімге ауыстыру ұсынылады.
— Клиникадағы қабылдау алдында дене температурасы өлшенеді.
— Зертханалық зерттеулер нәтижелері пациенттің электрондық поштасына немесе WhatsApp арқылы ғана жіберіледі. Осыған байланысты талдау үшін қан/биоматериал алу электрондық пошта мекенжайы мен ұялы телефон нөмірі ұсынылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

COVID-19 инфекциясының таралуы мен жұқтырылуының алдын алу үшін клиникада барлық сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз:

— Қорғаныш маскаларын тағу;
— 1–1,5 метр арақашықтықты сақтау;
— Қолды дезинфекциялық құралмен өңдеу.

Клиниканың жұмысы туралы ақпарат жаңартылып отырады.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет! Өздеріңізді сақтаңыздар және дендеріңіз сау болсын!

Құрметпен, «ЭКОМЕД» клиникасы

Қабылдауға жазылу телефоны: +7 775 007 07 00 («Экомед» клиникаларының бірыңғай ақпараттық орталығы).
Клиника сайты: www.ecomed.kz
Instagram: @ecomed.kz @ecomed_almaty