Уретрит
Уретрит — ерлерде де, әйелдерде де кездесетін уретраның (несеп шығару өзегінің) кең таралған қабыну ауруы.
Этиологиясына қарай уретрит 2 топқа бөлінеді: инфекциялық және инфекциялық емес.
Инфекциялық уретрит несеп шығару өзегі қабырғасының әртүрлі бактериялар мен басқа да инфекциялық қоздырғыштармен зақымдануымен сипатталады. Оларға трихомонадалар, хламидиялар, гонококктар, стафилококктар, стрептококктар және т.б. жатады.
Инфекциялық емес уретриттің себептері — уретраның жарақаттары және аллергиялық реакциялар.
Клиникалық ағымына қарай уретрит жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел уретрит 2 аптаға дейін созылады, ал созылмалы түрі 2 аптадан ұзақ уақытқа жалғасады.
Уретриттің себептері:
Қабыну және инфекциялық аурулар;
Организмнің тоңуы;
Медициналық манипуляциялар (уретрадан жағынды алу, уретраға катетер енгізу, цистоскопия және т.б.);
Жарақаттар;
Цистит, пиелонефрит, баланопостит, простатит;
Жеке гигиена қағидаларын сақтамау.
Уретриттің симптомдары
Несеп шығару кезінде қышу, ауырсыну, күйдіру немесе ашыту сезімі;
Жиі несеп шығару;
Іріңді немесе шырышты-іріңді бөлінділер.