Все заболевания

Қосымшалардың қабынуы

Жатыр қосалқыларының қабынуы (аднексит, сальпингоофорит) — аналық бездер мен жатыр түтіктерінің созылмалы немесе жедел қабынуымен сипатталатын әйел жыныс мүшелерінің ауруы. Аднексит — ең жиі кездесетін гинекологиялық патологиялардың бірі.

Себептері

Қабыну процестері: жедел және созылмалы эндометрит (хламидиялық инфекция, гонорея, туберкулез, эндометрийдің вирустық зақымдануы);

Жатырішілік контрацептивті («спиральді») енгізу;

Жатырішілік жарақаттаушы араласулар (түсік жасату, жатыр қуысын қыру).

Симптомдары

Жамбас аймағында және іштің төменгі бөлігінде қарқындылығы әртүрлі ауырсыну, дене температурасының жоғарылауы;

Жыныс жолдарынан әдеттен тыс түсті және жағымсыз иісті бөлінділердің бөлінуі;

Жалпы жағдайдың нашарлауы;

Бедеулік.

Диагностикасы

Диагноз пациенттің шағымдары, клиникалық және аспаптық зерттеулердің деректері негізінде қойылады. Диагностиканың ең қолжетімді әрі сенімді әдістерінің бірі — УДЗ. Оның көмегімен аналық бездердің пішінін, көлемін, құрылымын және көршілес ағзалармен өзара орналасуын нақты бағалауға болады.

Емі

Емдеуде антибиотиктер негізгі орын алады. Интоксикация белгілері болған жағдайда инфузиялық-детоксикациялық терапия жүргізіліп, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тағайындалады. Бұл емдеу әдістері созылмалы аднекситтің өршуі кезінде де қолданылады.

Созылмалы аднекситті емдеу кезінде физиотерапиялық емдеу әдістері, ультрадыбыстық терапия және басқа да тәсілдер кеңінен қолданылады.