Трихомониаз
Трихомониаз — қынаптық трихомонада (Trichomonas vaginalis) қоздыратын, несеп-жыныс жүйесін зақымдайтын қабыну сипатындағы жыныстық жолмен берілетін ауру. Бұл ерлерде де, әйелдерде де анықталатын ең кең таралған жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың бірі.
Инфекция жұқтырған серіктеспен қорғалмаған қынаптық жыныстық қатынас трихомониазды жұқтырудың негізгі себебі болып табылады. Трихомонаданың негізгі тіршілік ету ортасы қынап болғандықтан, оральді немесе анальді жыныстық қатынас кезінде инфекцияның жұғу ықтималдығы төмен.
Трихомониаздың тұрмыстық жолмен жұғуы өте сирек кездеседі. Trichomonas vaginalis ылғалды ортада 35–45 °C температурада бір тәулікке дейін белсенділігін сақтай алады.
Трихомониаздың алғашқы инфекция белгілері пайда болғанға дейінгі инкубациялық кезеңі 7 күннен 28 күнге дейін созылады. Сирек жағдайларда ауру ерлерде де, әйелдерде де ешқандай симптомсыз өтуі мүмкін.
Трихомониаздың симптомдары
Ерлерде: уретраның қабынуы, несеп шығару кезіндегі ауырсыну, несеп шығару өзегінен бөлінділердің пайда болуы.
Әйелдерде: қынаптан мол мөлшерде сарғыш түсті, кейде көбікті бөлінділердің пайда болуы. Көбінесе бөлінділерде «шіріген балыққа» ұқсас жағымсыз иіс болады.