Қалдығұлова Ляззат Қайырболатқызы

Акушер-гинеколог дәрігер
Репродуктолог дәрігер
Қабылдау жүргізетін қала: Ақтөбе

Дәрігер туралы

Қалдыгүлова Ләззат Қайырболатқызы — жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, репродуктолог.

PhD докторы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің №2 акушерлік және гинекология кафедрасы доцентінің м.а.

Бедеулікті диагностикалау және емдеуге, қосалқы репродуктивтік технологияларға (ЭКҰ), бедеулікті емдеудің барлық кезеңдерінде пациенттерді жүргізуге, сондай-ақ ҚРТ әдістерін қолданғаннан кейінгі жүктілікті сүйемелдеуге маманданған.

Акушерлік, гинекология және репродуктология саласында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар. Клиникалық тәжірибесінде диагностика мен емдеудің заманауи дәлелді әдістерін қолданады, пациенттердің репродуктивті әлеуеті мен денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір жұпты жүргізу тактикасын жеке таңдайды.

Практикалық қызметін ғылыми және педагогикалық жұмыспен ұштастырады, акушерлік, гинекология және репродуктология саласындағы жас мамандар мен дәрігерлерді даярлауға қатысады.

Репродуктивті денсаулық, преэклампсияның алдын алу, фолат алмасуы және жүктіліктің өтуіне әсер ететін генетикалық факторлар саласындағы ғылыми зерттеулер мен патенттердің авторы.

Ресейде, Түркияда, Израильде, соның ішінде халықаралық деңгейдегі кәсіби тағылымдамалар мен білім беру бағдарламаларынан өткен. Білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады, репродуктология, акушерлік және гинекология бойынша халықаралық және республикалық конгрестерге, конференциялар мен білім беру іс-шараларына баяндамашы ретінде белсенді қатысады.

Лауазымы

Гинеколог-репродуктолог дәрігер

Жұмыс өтілі

20 жылдан астам