Сапа саясаты

             «Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясы — Ecomed» ЖШС-нің кәсіби қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

  • Бедеулікті анықтау және алдын алуға бағытталған медициналық қызметтерді үйлестіру.
  • Постдипломдық білімді жаңартуға ықпал ететін инновациялық репродуктивтік технологияларды трансферлеу.
  • Ұлттық басымдықтарды ескере отырып, қосымша кәсіби медициналық білім беру бағдарламаларының қажеттілігін болжау.
  • Постдипломдық білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильділік жүйесін құру.
  • Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі мен тиімді қызметін қамтамасыз ету жүйесін құру.

«Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясы — Ecomed» ЖШС қызметінің сапаны жақсарту саласындағы негізгі қағидаттары:

  • Басқару тетіктерін үнемі жетілдіру және дамыту.
  • Білім беру қызметтерінің жоғары сапасы және бәсекеге қабілеттілігі.
  • Тұтынушылар мен мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
  • Нарық қажеттіліктерінің өзгерістеріне икемді жауап беру.
  • Сапа саласындағы саясат пен мақсаттардың бірлігін қамтамасыз етудегі қызметкерлердің жеке жауапкершілігін мойындау, кәсіби қабілеттер мен ресурстарды тиімді пайдалану.
  • Сапа менеджменті жүйесінің қағидаттарын сақтау.

«Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясы — Ecomed» ЖШС-нің жоғары басшылығы саясатта көрсетілген қағидаттардың сақталуы мен орындалуына жауап береді және осы саясатты іске асыруда барлық қызметкерлерге үлгі болуға міндеттенеді.