ЭКОМЕД негізін қалаушы
Батыр Қаратайұлы Бекмұсаев
Қазақстандағы алғашқы ЭКҰ клиникасының негізін қалаушы, «Экомед» клиникалар желісінің бас директоры.
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Алматы энергетика институтын бітірген.
Қазақстан тәуелсіздік алған кезде Қазақ КСР Табиғатты қорғау мемлекеттік комитетінің сыртқы байланыстар басқармасында жұмыс істеді.
1991 жылы «Сырым» шағын кәсіпорнын құрды. Кейін жұбайы Салтанат Байқошқарованың идеясын қолдау үшін бизнесін сатып, 1995 жылы Қазақстандағы алғашқы ЭКҰ зертханасы, «Экомед» медициналық орталығын бірге ашты.
Батыр Бекмұсаевтың басшылығымен Адам репродукциясы және эмбриология институты мен Қазақстанның адам репродукциясы қауымдастығы құрылды.
Кітаптар