Ұстаз Ар-намыс Кодексі

Ұстаз ар-намыс кодексі «АИРТ — Ecomed» ЖШС-нің әрбір ұстазы ұстануға тиіс дұрыс мінез-құлық нормаларын, этикалық қағидаттарды және моральдық құндылықтарды айқындайды.

  • Академия ұстазы – білім беру, ғылыми-зерттеу, кеңес беру-диагностикалық және қоғамдық жұмыстармен айналысатын кәсіби маман.
  • Ұстаз оқу үдерісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, клиникалық базаларда көрсетілетін кеңес беру, емдеу-диагностикалық қызметтердің сапасы мен білім алушыларды кураторлауға жауапты.
  • Ұстаз педагогикалық жүктемені стандарттар, сұраныстар және нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес орындайды.
  • Ұстаз өз кәсіби деңгейін үздіксіз арттырып, түрлі деңгейдегі конференцияларда білімдері мен дағдыларын бөліседі, осылайша академияның миссиясы, көзқарасы мен стратегиясын жүзеге асыруға үлес қосады.
  • Ұстаз тәлімгер болып, жас мамандардың кәсіби өсуіне ықпал етіп, халықаралық ғылыми кеңістікке интеграция мен интернационализацияны қолдайды.
  • Ұстаз академия тыңдаушыларында азаматтық-патриоттық көзқарас, толеранттылық мәдениетін, елдің дәстүрі мен тарихына терең құрмет сезімін қалыптастыруда әлеуметтік-құқықтық белсенділік көрсетуге міндетті.
  • Ұстаз тыңдаушыларда академияның моральдық-этикалық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеуге, оларды сақтауға саналы мотивацияны дамытуға, студенттердің ар-намысын құрметтеуге, орынсыз айыптауларға, дөрекілік пен әдепсіздікке жол бермеуге міндетті.
  • Ұстаз сыбайлас жемқорлыққа (алаяқтық, парақорлық, қызметтік жағдайды асыра пайдалану) жеке беделіне және академияның рейтингіне қауіп төндіретін құбылыс ретінде қарсы тұрады.
  • Ұстаз академия саясаты мен корпоративтік рухының жақтаушысы ретінде барлық қызмет саласында ұйымның имиджін сақтауы тиіс.
  • Ұстаздардың этикалық-моральдық бұзушылықтары академияның Ғылыми кеңесінде талқылауға шығарылады.

Ар-намыс кодексі мен басқа да ережелерді бұзғаны үшін тәртіптік және әкімшілік шаралар қолданылады.