Жатыр мойны гиперстимуляциясы синдромы
Аналық бездердің гиперстимуляция синдромы — экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасының асқынуы. Бұл жағдай аналық жасушаларды алу мақсатында аналық бездерді стимуляциялау үшін пациент стимуляциялаушы препараттарды қабылдаған кезде дамуы мүмкін.
Себептері
Әйел организмінде жыныстық гормондар мөлшерінің айтарлықтай жоғарылауы аясында аналық бездердің көлемі едәуір ұлғаяды, қан тамырларының өткізгіштігі артады, нәтижесінде құрсақ және кеуде қуыстарында, сондай-ақ жүрек қабында сұйықтық жиналады.
Сонымен қатар жүйелік қабыну реакциясы синдромы дамып, қанның «сұйық» бөлігінің мөлшері азаяды (ол дене қуыстарына өтеді). Бұл бүйректегі қан ағымының төмендеуіне, тұздар мөлшерінің артуына, артериялық қысымның төмендеуіне, ал ауыр жағдайларда жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Аналық бездердің гиперстимуляция синдромының әртүрлі ауырлық дәрежелері ЭКҰ жағдайларының орта есеппен 7–12%-ында дамиды. Бұл синдромнан болатын өлім-жітім жиілігі 450 000 әйелге шаққанда 1 жағдайды құрайды.
Симптомдары
ЭКҰ процедурасынан өткен әйел назар аударуы тиіс симптомдар:
Іштің төменгі бөлігіндегі тартатын ауырсыну.
Іштің кебуі және көлемінің ұлғаюы, қысқа уақыт ішінде бел айналымының ұлғаюы.
Аяқтардың ісінуі.
Жатқан кезде пайда болатын немесе күшейетін ентігу.
Күшейе түсетін әлсіздік, көз алдында «шыбындардың» көрінуі.
Диагностикасы
Гинекологиялық УДЗ;
әйел жыныстық гормондарының деңгейін анықтауға арналған қан талдаулары;
қанның ұю жүйесін зерттеу.
Қажет болған жағдайда бірқатар қосымша зерттеулер тағайындалуы мүмкін.
Емі
Емдеу тек стационар жағдайында жүргізіледі. Көп жағдайда консервативтік ем қолданылады және ол жыныстық гормондардың шамадан тыс жоғары мөлшерінің организмге уытты әсерін шектеуге бағытталады.