EMBRYOSCOPE PLUS КӨМЕГIМЕН ЭКО-НЫҢ НӘТИЖЕЛIЛIГIН АРТТЫРЫҢЫЗ

ЭКОМЕД клиникалары су жаңа, дүние жүзiнде эмбриологиялық жалғыз мойындалған технология — кадрлық визуализация — түсiрiлiмi (time-lapse) бар, сонымен қатар ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ IDAscore арқылы басқарылатын революциялық EMBRYOSCOPE PLUS — ақылды, саналы инкубаторын жұмысқа енгiздi! Инкубатор толығымен IDAscore автоматизацияланған жасанды интеллектпен жабдықталған. Бүгiнгi күнi ЭКОМЕД Қазақстандағы бұл технологиямен жұмыс iстейтiн жалғыз клиника. Бұл жабдықты алу бiзге оңайға соққан жоқ, бiр аппараттың өзi 270 000 евроға сатып алынды.

EMBRYOSCOPE PLUS  эмбрионның культивациясына қандай жағдай жасайды?

EMBRYOSCOPE PLUS эмбрионның дамуына максималды тұрақты жағдай жасайды. Тiкелей жылыту есебiнен iшкi температура дәлме-дәл реттеледi, ал ауа үнемi HEPA/VOC фильтрi арқылы тазаланып тұрады. Кiшiгiрiм инкубациялық камералар есiктiң ашылғанынан кейiн культивация жағдайын лезде қалпына келтiредi. EMBRYOSCOPE PLUS әрқайсысында 16 эмбрион сақталатын 15 арнайы ыдысқа шақталған. Time-lapse жарықтандыруы эмбриондарды зиянды толқындардан сақтап, қарапайым микроскопиямен салыстырғанда жарық энергиясының әсерiн анағұрлым азайтады.

Time-lapse EMBRYOSCOPE PLUS тiң тоқтаусыз мониторингi әрбiр эмбрионның фотосын әртүрлi фокалды жазықтықта түсiредi. Бұл фотоның жоғары сапасын қамтамасыз етiп, эмбрионды инкубатордан шығармай-ақ оның морфологиялық сипаттамасын бақылауға мүмкiндiк бередi. Фотоларды өңдеу процессi оптималды сапасын ұстай отырып, мәлiметтi сақтаудың талаптарын ықшамдау арқылы ойластырылған. Бұл фотоларды баяу видео түрiнде көрсетудi қамтамасыз етедi.

IDAScoreжасандыинтеллектi не iстей алады?

Қазақстандағы кейбiр клиникаларда time-lapse системалары орнатылған болатын (PrimoVision, Эмбриовизор мен EscoMiriTL). Олардың барлығы эмбрионның дамуының видеосын жазады, алайда, дамыған жасанды интеллектпен жабдықталмаған. EMBRYOSCOPE PLUS тiң жасанды интеллектi әрбiр эмбрионға оның өмiршеңдiк қабылетiн болжау үшiн, нейрондық желiдегi терең оқу арқылы қалыптасқан алгоритм негiзiнде баға бередi.

IDAscore әрбiр эмбрионға оның имплантациялық потенциалын көрсететiн объективтi балл бередi. Бұл эмбриологтың қай эмбрионды жатырға салып, қайсысын қатырып қою туралы шешiм қабылдауына тиiмдi көмек бередi.
Бұл шешiм қабылдауды қамтамасыз ету модулi эмбрионды бағалау жайындағы ақпаратты серверге жiбередi. Ал бұл серверде әртүрлi континенте орналасқан 18 клиникадан 115 000 эмбрионның баяу түсiрiлiмiнiң мәлiметтерiмен қоса, әртүрлi жастағы пациенттердiң емiнiң нәтижелерi сақталған.

Яғни, эмбриолог бiр эмбрионды бағалау кезiнде оны басқа эмбриондардың 7 500 000 фотосымен салыстырғанмен бiрдей! Алайда бұл тапсырма адамның қолынан келмейдi, тек IDAscore оқытылған жасанды интеллектiнiң көмегiмен ғана мүмкiн! Эмбриондардың дамуының 5-шi күнiне дейiн мұндай бақылайтын өте күрделi, ақылды жүйесi ешбiр time-lapse жүйесiнде жоқ!

Осылайша, бүгiнде EMBRYOSCOPE PLUS — су жаңа ғылыми революциялық технологиясының көмегiмен ЭКОның нәтижелiлiгiн жоғарылатудың бiрегей мүмкiндiгi пайда болды! Осы технология – эмбриологтарға ең қиын мәселенiң бiрi – ең мықты эмбрионды таңдауға көмектеседi.

Бұл жаңа технологияның қолданылуы жайлы толығырақ ақпаратпен, Сiздерге қарапайым тiлмен жеткiзу үшiн бiздiң ғылыми эмбриологтармен бiрге тiкелей эфирлерге шығып таныстырамыз, қарапайым түсiнiктi тiлде посттар жазамыз. Және бұл технология туралы репродуктологтың қабылдауында бiле аласыздар.