Все заболевания

Полицистикалық аналық без синдромы

Аналық бездердің поликистоз синдромы (аналық бездер поликистозы) — аналық бездер функциясының (овуляцияның болмауы немесе тұрақсыз болуы, ерлер мен әйелдердің жыныстық гормондарының шамадан тыс өндірілуі), ұйқы безінің (инсулиннің шамадан тыс өндірілуі) және басқа эндокриндік ағзалардың функциясының бұзылуымен қатар жүретін гинекологиялық ауру.

Аналық бездер поликистозы бедеулікке әкелуі мүмкін, өйткені поликистоз кезінде аналық жасушаның жетілуі және аналық безден шығуы — овуляция процесі бұзылады.

Аналық бездер поликистозының симптомдары:

Овуляцияның болмауына байланысты етеккірдің сирек келуі немесе мүлде болмауы;

Ерлердің жыныстық гормондары деңгейінің жоғарылауы, ол денеде түктің шамадан тыс өсуі, безеудің пайда болуы және терінің майлылығының жоғарылауы түрінде көрінеді;

Артық дене салмағы немесе, керісінше, дене салмағының күрт төмен болуы.

Диагностикасы

Поликистоз кезінде УДЗ деректері бойынша аналық бездердің көлемі ұлғайып, олардың шеткі бөліктерінде көптеген ұсақ фолликулдар анықталады.

Гормоналдық тексеру кезінде әйелдер мен ерлердің жыныстық гормондары арасындағы теңгерімсіздік анықталады.

Емі

Емдеу пациенттің жүктілікті жоспарлауына байланысты.

Егер пациент жүктілікті жоспарласа:

Артық дене салмағы және гиперинсулинемия болған жағдайда: тамақтануды қалыпқа келтіру (көмірсуы аз диета), спортпен (фитнеспен) айналысу;

Табиғи жолмен бала көтеруге немесе жатырішілік инсеминация көмегімен жүкті болуға әрекет жасай отырып, арнайы препараттармен овуляцияны дәрі-дәрмек арқылы стимуляциялау;

Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ).

Егер пациент жүктілікті жоспарламаса:

Эндометрийді гиперплазиялық процестерден (эндометрий полипі немесе гиперплазиясы) қорғау үшін циклдің 2-ші фазасында прогестерон препараттарын қолдану;

Ерлердің жыныстық гормондарының деңгейін төмендететін компоненті бар контрацептивтер.

*Хирургиялық емдеу ұсынылмайды, өйткені операциядан кейін аналық бездердің «қоры» төмендейді.