Бекмусаев Батыр Қаратайұлы

Кітаптар

Бекмусаев Батыр Қаратайұлы — Қазақстандағы алғашқы ЭКО клиникасының негізін қалаушы, «Экомед»клиникалар тобының бас директоры.

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында туған. Алматы энергетика институтын бітірген (1980).

Еңбек өтілі: Қазақстан тәуелсіздік алған кезде ҚазКСР табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінде сыртқы байланыстар басқармасында жұмыс істеді. 1991 жылы «Сырым» КК құрды, кейін «құтыдан» алғашқы қазақстандық баланың авторы, жұбайы Салтанат Байқошкарованың идеясын қаржылай қолдау үшін өз бизнесін сатты. 1995 жылы ерлі — зайыптылар Қазақстанда алғашқы ЭКО зертханасын — «Экомед»медициналық орталығын құрды. Сонымен қатар, Батыр Бекмусаевтың басшылығымен Адам репродукциясы және эмбриология институты (2010) және қазақстандық Адам репродукциясы қауымдастығы (2006) құрылды.

«Честная повесть» и «Жауабы жоқ дүние» шығармаларының авторы.

Дәл қазір кездесуге жазылыңыз
"Өтінім жіберу" батырмасын басу арқылы сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз
Өтінім сәтті жіберілді. Біздің менеджер Сізбен байланысады!