Байқошқарова Салтанат Берденқызы
Дәрігер туралы
Профессор, биология ғылымдарының докторы, «ЭКОМЕД» адам репродукциясы клиникалары желісінің ғылыми жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҰҒА) құрметті академигі.
Қазақстандағы алғашқы «түтіктен туған» баланың дүниеге келуіне атсалысқан маман және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Елдегі алғашқы клиникалық эмбриолог. Репродуктология және эмбриология саласындағы танымал көшбасшы әрі білікті маман.
Лауазымы
Биология ғылымдарының докторы, клиниканың ғылыми директоры
Жұмыс өтілі
30 жылдан астам кәсіби қызметінде оның тікелей қатысуымен және жетекшілігімен 40 000 ЭКҰ циклі жүргізіліп, Қазақстанда ғана емес, әлемнің 37 елінде 30 000-нан астам бала дүниеге келді.