Байқошқарова Салтанат Берденқызы

ДӘРІГЕР ЖАЙЛЫ

«Құтыдан туылған» алғашқы қазақстандық баланың авторы және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Елдің алғашқы клиникалық эмбриологы. Репродуктология және эмбриология саласындағы танымал көшбасшы және маман.

ЛАУАЗЫМЫ

Профессор, биология ғылымдарының докторы, «ЭКОМЕД» Адам репродукциясы клиникалары желісінің ғылыми жетекшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының (ҰҒА) құрметті академигі.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

Салтанат Берденқызының кәсіби қатысуымен және оның басшылығымен 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінде 25 000 ЭКҰ циклі өткізілді, тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің 37 түрлі елдерінде 12 000-нан астам бала дүниеге келді.